Мазмұнға өту
  • Басты бет
    • Жеке хат алмасыңызБайланыстан ажырамаңызТоптарда байланыс орнатыңызӨзіңізді көрсетіңізҚауіпсіз түрде жобаланғанКүнделікті өміріңізді бөлісіңізАрналарға жазылыңыз
  • Құпиялық
  • Анықтамалық орталық
  • Блог
  • Бизнеске арналған
  • Жүктеп алу
Жүктеп алу
Шарттар және Құпиялық саясаты2025 © WhatsApp LLC
WhatsApp басты бетіWhatsApp басты беті
    • Жеке хат алмасыңыз

      Толығымен шифрлау және құпиялықтың басқару құралдары.

    • Байланыстан ажырамаңыз

      Әлем бойынша тегін* хат алмасып, қоңырау шалыңыз.

    • Топтарда байланыс орнатыңыз

      Топта хат алмасу жеңілдеді.

    • Өзіңізді көрсетіңіз

      Стикерлермен, дауыспен, GIF-пен және т.б. білдіріңіз.

    • Қауіпсіз түрде жобаланған

      Қауіпсіздікті сақтауға арналған қорғаныс деңгейлері

    • Күнделікті өміріңізді бөлісіңіз

      Статуста фотосуреттер, видеолар, дауыстық ескертпелерді бөлісіңіз

    • Арналарға жазылыңыз

      Өзіңізге қызықты тақырыптар туралы біліп отырыңыз

  • Құпиялық
  • Анықтамалық орталық
  • Блог
  • Бизнеске арналған
  • Қолданбалар
Аккаунтқа кіруЖүктеп алу


WhatsApp-тағы құпиялық туралы сұрақтарға жауап береміз.

WhatsApp-та біз зейін қоятын нәрсе — әлемдегі үш миллиард адамға құпия түрде байланысуға мүмкіндік беру. Қолданба бизнестік хат алмасуға, арналар мен Meta AI-ға қолдау көрсету үшін дамыған сайын, бұл мүмкіндіктердің қалай жұмыс істейтіні және құпиялығыңызды қорғау үшін жылдар бойы қалай еңбектенетініміз туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз.

  • Барлығын жаюБарлығын жию
  • Жоқ, бетпе-бет жеке хаттарды немесе достармен, отбасымен, сыныптастармен не басқа адамдармен ортақ топтық чаттардағы жеке хаттарды көрмейміз. Біз бұл хаттарды сигнал протоколы арқылы толығымен шифрлаймыз. Бұл протокол хаттарыңызды құрылғыдан жіберілмей тұрып қорғайды. Яғни чаттан тыс ешкім, тіпті WhatsApp немесе Meta да оларды оқи алмайды, тыңдай алмайды немесе бөлісе алмайды. Толығымен шифрлау мүмкіндігі қалай жұмыс істейтіні туралы қосымша ақпаратты осы жерден қарасаңыз болады.

    Бизнестік хат алмасу мен Meta AI-ға келсек, айырмашылықтар бар. Олар төменде сипатталған.

  • Компаниялар қалай жұмыс істейтінін есепке ала отырып, WhatsApp-та жеке хаттарға және компаниялармен алмасатын хаттарға әртүрлі шарттар қолданамыз. Компаниялар мобильдік телефонмен хат алмасудың орнына, көп жағдайда клиент сұрауларына көп адамның немесе ЖЗ клиенттерді қолдау қызметінің жауап беруіне мүмкіндік беретін күрделі операцияларды таңдайды. Сондай-ақ оларға хаттарды сақтайтын және жауап беретін орын қажет.

    Көптеген компания бұлттық сақтау провайдері ретінде Meta компаниясын таңдайды. Сол себепті бұл хаттардың толығымен шифрланған болуын қарастырмаймыз.

    Бұл шешімдерді енгізген себебіміз: адамдар компаниялармен WhatsApp-та байланысқысы келеді және бұл — электрондық поштаға немесе телефон қоңырауларына қарағанда жылдам әрі құпиялығы көбірек әдіс.

    Компаниямен байланысқан кезіңізде, ол сіз беретін ақпаратты маркетингтік мақсатта, мысалы, Meta-да жарнамалау үшін қолдануы мүмкін екенін ескеріңіз. Компания Meta қызметтерін пайдаланған кезде, толық ақпарат алуыңыз үшін, чаттың ішінде сізге көк түсті жүйе хабарын көрсетеміз.

  • Жеке хаттар мазмұнын көрмейміз, себебі олар толығымен шифрланады. Сондай-ақ хат алмасатын немесе қоңырау шалатын әрбір адамның журналдарын сақтамаймыз. Үш миллиард пайдаланушының жеке жазбаларын сақтау құпиялыққа теріс әсер етеді деп ойлаймыз, сол себепті олай істемейміз.

    Функциялардың қалай қолданылатынын түсінуге мүмкіндігіміз жоқ, сол себепті оларды жақсартуды жалғастыруымыз мүмкін және бұл жағдайда жеке мәліметтерді қоспауды көздейміз. Осы жерде сипатталғандай, нақты бір адаммен немесе телефон нөмірімен байланыстыруға болатын жеке мәліметтерді өшіретін технологияны жасап шығардық.

    Сондай-ақ жетілдірілген автоматты жүйелер мен есептер көмегімен спам мен ереже бұзушылық жағдайларын анықтау үшін жұмыс істейміз. Мысалы, минутына 1000 хат жіберетін пайдаланушының автоматты спам аккаунты болуы әбден мүмкін, сол себепті оны WhatsApp-та банға жібереміз. Осындай ереже бұзушылық жағдайында мәселе анықталғаннан кейін, кім кімге хат жіберіп жатқанын көре аламыз.

    Мұндай мүмкіндігіміз болғандықтан, кейде бізге осындай ақпаратты сұратқан сот қаулысы келеді. Құқық қорғау органдары жіберетін жарамды сұрауларға қалай жауап беретінімізді жасырмаймыз. Ол туралы қосымша ақпаратты осы жерден алсаңыз болады.

  • Достар мен отбасы бар ортақ топтарға жіберілетін хаттарды көрмейміз, себебі олар да толығымен шифрланады.

    Хаттарды дұрыс жерге жіберу үшін қандай телефон нөмірлерінің қай топқа тиесілі екенін білеміз. Топтың атауын, сипаттамасы мен профиль суретін (болса) де білеміз. Балаларға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсетілген материалды бөлісу сияқты ереже бұзатын топтарды банға жіберу үшін осы ақпаратты пайдаланамыз. Осы жерде қосымша ақпарат ала аласыз.

  • Төлемдер сияқты функцияларды қосу немесе жергілікті заңдар мен ережелерді орындау үшін ел немесе қала сияқты жалпы (дәл емес) орналасқан жеріңізді болжау үшін IP мекенжайы мен телефон нөміріне сүйенеміз.

    Сондай-ақ чаттағы басқа адамдармен нақты, дәл локацияңызды бөлісе аласыз. Бұл функция нақты GPS локацияңызға сүйенеді және толығымен шифрлау мүмкіндігімен қорғалады, сол себепті оны WhatsApp та, Meta да көрмейді.

  • Толығымен шифрланғандықтан, жеке хаттарыңызды ешкім, соның ішінде WhatsApp пен Meta көрмейді. Бүкіл әлемде адамдарға жылдам әрі сенімді қызметтерді ұсыну үшін Meta технологиясына сүйенеміз, алайда WhatsApp жеке деректеріне қол жеткізу шектеледі, сол себепті оларды басқа Meta қолданбалары келесі нақты үш мақсатты қоспағанда, пайдалана алмайды (жарнама көрсету үшін де): 1) қанша адамға қызмет көрсетілетінін анықтау, себебі көпшілік компания болғандықтан, осы ақпарат туралы есеп беруіміз керек; 2) адамдардың қауіпсіздігін сақтау үшін (мұны маңызды деп ойлаймыз); 3) Meta өнімдерінде жұмыс істейтін төлемдер, Meta AI немесе аккаунттар орталығы сияқты қосымша функцияларды ұсыну. Осы жерде қосымша ақпарат ала аласыз.

  • Қаласаңыз, WhatsApp аккаунтыңызды Facebook немесе Instagram аккаунты бар аккаунттар орталығына қоса аласыз. Бұл — қолданбалар арасындағы байланысқан тәжірибені қамтамасыз ететін қосымша функция. Аккаунттарды байланыстыру арқылы WhatsApp-та жасалған статусыңызды Facebook немесе Instagram хикаясында бөлісуге және Meta AI-ды осы қолданбаларға жіберілген ақпаратпен әрі қарай жекелендіруге болады. Басқа Meta қолданбалары осы қызметтерді қосқаныңыз туралы ақпаратты алады. Бірақ жеке хаттар мен қоңыраулар толығымен шифрланған күйде қалады және жарнама көрсету үшін қолданылмайды.

  • Адамдар Meta AI мүмкіндіктерін байқап көріп, зерттегісі келеді, ал WhatsApp — адамдардың әлем бойынша ЖЗ қолданатын ең кең таралған құралы. WhatsApp-та Meta AI қолдану міндетті емес. ЖЗ-мен чат ашу немесе оған хат жіберу арқылы әңгімені бастауға әрекет жасауыңыз қажет. Meta AI-мен тікелей немесе топтардағы чатта сөйлесуді таңдасаңыз, Meta сіз не басқалар оған жіберетін хаттарды алады. Есіңізге салсақ, жеке хаттарыңыз толығымен шифраланады және оларды Meta AI көрмейді.

  • WhatsApp-ты Meta AI-мен әрекеттеспей пайдалансаңыз, ол ештеңе білмейді. Бірақ Meta AI-мен хат алмасуды бастаған сәтте, сіз адамға не компанияға жіберетіндей, ол сіз жіберетін хаттан үйренеді. Meta AI есіне сақтағаны сізге ыңғайлы болатын ақпаратты ғана жіберіңіз. Meta AI сіз оған хат жазуды таңдаған кезде ғана "қосулы" болады және мұны Meta немесе WhatsApp емес, тек сіз немесе топ қатысушысы бастай алады. Meta AI-ға хат жіберетін адамдар үшін құпиялықтың көптеген басқару элементін шығардық. Осы жерден қосымша ақпарат ала аласыз.

    WhatsApp немесе Meta оқи алмайтындай, адамдар хаттар мен басқа ЖЗ құралдарының пайдалы қорытындыларын алуы үшін, ЖЗ мүмкіндіктерін қауіпсіздікті сақтайтын жолмен қалай пайдалана алатынын алғашқылардың бірі болып ашып бердік.

  • WhatsApp-ты достар мен отбасына хат жазу үшін ғана пайдалансаңыз, сізге жарнама көрсетілмейді. "Жаңартулар" қойындысын пайдалансаңыз, сізге жарнамаланған арналарды, сондай-ақ статусына жарнама жариялайтын, сіз хат жаза алатын компанияларды көрсетеміз. Бұл жағдайда жарнамаларды көрсету үшін қолданылатын ақпарат еліңіз не қалаңыз, тіліңіз, сіз жазылған арналар және көрген жарнамаларға қатысты қандай әрекет жасайтыныңыз сияқты аздаған ақпаратқа негізделеді. WhatsApp аккаунтыңызды Facebook және Instagram-мен байланыстырсаңыз, сол жердегі ақпаратты да пайдаланамыз. Жеке хаттарыңыз жарнамаға қатысты ешбір нәрсе үшін қолданылмайды. Осы жерде қосымша ақпарат ала аласыз.

  • Жоқ, тыңдамайды. Жеке хаттарыңыз, қоңырауларыңыз бен статустарыңыз толығымен шифрланады. WhatsApp та, Meta да оларды көрмейді не тыңдамайды және оларды сізге жарнама көрсету үшін қолданбаймыз.

  • Иә, адамдардың құпия әңгімелесу құқығын қорғау — біздің мақсатымыз. Жүйелерімізге тұзақ құруды немесе "клиент жағында сканерлеу" және "бақылау мүмкіндігі" сияқты жағымсыз идеялар арқылы құпиялықты әлсіретуді көздейтін үкіметтерге қарсы тұрамыз.

    Сонымен қатар ұжымымыз жүйелердегі шабуылдарды анықтап, кері қайтарды және біз шабуылдаушыларды жауапкершілікке тартуды көздейміз. WhatsApp адамдардың мобильдік құрылғыларында тыңшылық жасауға әрекеттенген коммерциялық тыңшылық бағдарлама компаниясын АҚШ заңы бойынша жауапкершілікке тартқан бірінші ұйым болды. Бұл — әділеттілікті іздеп, бізге немесе басқа технология компанияларына жасалатын болашақтағы шабуылдардан қорғаудың маңызды қадамы.

    Құпиялығыңызды қорғауды жалғастырамыз.

Жүктеп алу
WhatsApp негізгі логотипі
WhatsApp негізгі логотипі
Жүктеп алу
Қызметіміз
ФункцияларБлогҚауіпсіздікБизнеске арналған
Біз кімбіз?
Біз туралы ақпаратМансапБренд орталығыҚұпиялық
WhatsApp пайдалану
AndroidiPhoneMac/компьютерWhatsApp Web
Көмек қажет пе?
Бізге хабарласыңызКөмекҚолданбаларҚұпиялыққа қатысты кеңестер
Жүктеп алу

2025 © WhatsApp LLC

Шарттар және Құпиялық саясаты
Сайта картасы